Жамбыл облысындағы зауыт жылына 1 млн тонна сода өндіреді

Алғашқы кезеңде кәсіпорын жылына 500 мың тонна өнім шығарады
Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында салынып жатқан "Qazaq Soda" зауыты жылына 1 млн тонна кальцийленген сода өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады үкімет.
Кальцийленген сода өндіру жобасы Қытайдың мемлекеттік CAMC Engineering корпорациясының қатысуымен және халықаралық банк консорциумының қолдауымен жүзеге асырылуда.
"Негізгі өнім — калцийленген сода. Алдағы уақытта бұл өндіріс бейорганикалық, химия кешенін құруға және терең өңдеуге бағытталған жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік береді", — деді "Qazaq Soda" ЖШС директоры Рамазан Ибраимов.
Оның айтуынша, алғашқы кезеңде кәсіпорын жылына 500 мың тонна өнім шығарады. Кейін өндіріс көлемін жылына 1 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған.
Кальцийленген сода металлургияда, тамақ, тоқыма, химия өнеркәсібі, сондай-ақ тұрмыстық химияда кеңінен пайдаланылады.
Елордадағы зауыт "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды