Теміртауда жедел жәрдем қызметкері әріптесін соққыға жықты

Оқиға болған күні қылмыстық іс қозғалған
Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында фельдшер әріптесін ұрды деген айыппан 29 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

"Теміртау қаласында 30 жастағы әйелге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 29 жастағы күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Тексеру барысында жанжалдың қызмет бабына қатысы жоқ, жеке келіспеушіліктер негізінде әріптестер арасында болғаны анықталды", - дейді полицейлер.

Оқиға болған күні қылмыстық іс қозғалған.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға себеп болған жағдайлар анықталады", - дейді ведомство өкілдері.
Батыс Қазақстанда аудан әкімдігінде төбелес болды: бір адам жансақтау бөліміне түсті