АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстан ТЖМ қызметкерлерінің арқасында Ягодное ауылына жарық берілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасығаннан кейін электр беру желісінің екі бағанасы құлап, Ягодное ауылы электр жарығынсыз қалды.
"ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алғашқы болып көмекке келді. Электр желісі жұмысшыларымен бірге олар жүзу құралынан тікелей қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылардың қабылдаған шаралар арқасында ауылға жарық берілді.