Құтқарушылар тасыған өзен аумағынан ауылға жарық берді

© Photo : Департамент полиции СКО Солтүстік Қазақстан
Солтүстік Қазақстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жазылу
ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алғашқы болып көмекке келді
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстан ТЖМ қызметкерлерінің арқасында Ягодное ауылына жарық берілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасығаннан кейін электр беру желісінің екі бағанасы құлап, Ягодное ауылы электр жарығынсыз қалды.
"ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алғашқы болып көмекке келді. Электр желісі жұмысшыларымен бірге олар жүзу құралынан тікелей қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылардың қабылдаған шаралар арқасында ауылға жарық берілді.
В Казахстане открыли уникальную спасательную станцию на реке Жайык - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2025
Жайық өзенінде бірегей құтқару станциясы ашылды
Жаңалықтар
0