АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында ұзақ жыл пайдаланылмай жатқан жер телімі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды облыстық прокуртура.
Жерге қатысты заңды бұзғандарды Сырым аудандық прокуратурасы анықтаған.
"Ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жерді пайдаланбаған", - деп жазды ведомстводағылар.
Кадастрлық құны 24 миллион теңгеден асатын жалпы ауданы 3200 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган ауылдық жерде тұратын шын ниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға береді.