https://sputnik.kz/20250414/elde-zansyz-iemdenilgen-610-mlrd-tengenin-aktivteri-qaytaryldy-52475804.html
Елде заңсыз иемденілген 610 млрд теңгенің активтері қайтарылды
Елде заңсыз иемденілген 610 млрд теңгенің активтері қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Арнаулы мемлекеттік қорға қосымша 150 млрд теңге бағытталады 14.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-14T20:15+0500
2025-04-14T20:15+0500
2025-04-14T20:15+0500
үкімет
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52475644_0:47:1280:767_1920x0_80_0_0_c9236deff77fbdf57318730dc0ce949b.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады үкімет.Бұған дейін қабылданған шешімдердің орындалу нәтижелері қаралып, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының жұмысы туралы есеп тыңдалды.Шамамен 610 млрд теңгенің активтері, атап айтқанда, 506 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат, сондай-ақ құны 103 млрд теңгеден астам мүлік қайтарылды. Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы 280 әлеуметтік нысанды жүзеге асыруға, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінді.Кезекті отырыс қорытындысы бойынша комиссия заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасауды мақұлдады. Арнаулы мемлекеттік қорға қосымша 150 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілері Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция салу бойынша міндеттеме алды.Үкімет хабарлағандай, комиссия "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңның күші қолданылатын тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 84 млрд теңгеден астам активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз беруді қолдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52475644_98:0:1183:814_1920x0_80_0_0_257054555fd5bd7c8462e07a24c10d12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, олжас бектенов
Елде заңсыз иемденілген 610 млрд теңгенің активтері қайтарылды
Арнаулы мемлекеттік қорға қосымша 150 млрд теңге бағытталады
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады
үкімет.
Бұған дейін қабылданған шешімдердің орындалу нәтижелері қаралып, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының жұмысы туралы есеп тыңдалды.
Шамамен 610 млрд теңгенің активтері, атап айтқанда, 506 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат, сондай-ақ құны 103 млрд теңгеден астам мүлік қайтарылды. Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы 280 әлеуметтік нысанды жүзеге асыруға, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінді.
Кезекті отырыс қорытындысы бойынша комиссия заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасауды мақұлдады. Арнаулы мемлекеттік қорға қосымша 150 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілері Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция салу бойынша міндеттеме алды.
Үкімет хабарлағандай, комиссия "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңның күші қолданылатын тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 84 млрд теңгеден астам активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз беруді қолдады.