Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелді

Мұндай шектеуге ауа райының бұзылуы себеп болып отыр.
Sputnik
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысын шектелды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Мұндай шектеуге ауа райының бұзылуы себеп болып отыр.
"2025 жылдың 15 сәуірінде "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай -Рахман қайнары"автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Қар еріп жатыр: үш облыста жол жабылды