АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысында "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы директорына қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Сот материалына сәйкес, Б.А.Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукционсыз заңсыз сатып, одан түскен қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Жаңаөзен аудандық сотының үкімімен зауыттың бұрынғы директоры 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға тыйым салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.