Қордай кеден бекетінің құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 желтоқсан — Sputnik. "ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары, "ДорСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымы жобасының жетекшісі және "Алматы Сапа Инжиниринг" ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы сотталды.
Қылмыстық іс Қордай аудандық сотында қаралды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Оларға қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу пунктін салу, кеңейту және реконструкциялау кезінде 296 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.
"Олар бюджет қаражатын орындалмаған жұмыстар актілеріне қол қою, сол жұмыс түрлеріне екі есе ақы төлеу, жабдықтың құнын асыра бағалау және заттарды аз жеткізу арқылы жымқырған", - дейді ведомство.
Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары мен "ДорСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымы жобасының жетекшісі әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ олар 10 жыл мерзімге жол-құрылыс жұмыстарымен және құрылыс жұмыстары саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды.
Ал "Алматы Сапа Инжиниринг" ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 10 жыл мерзімге инжинирингтік қызметтер көрсетумен айналысу құқығынан айырылды.
Жаңалықтар
0