АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа порталдың іске қосылғанын хабарлады.
"Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратты бір ресурста жүйелеуге арналған. Кез-келген адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен таныса алады. Бұл ресурста сыбайлас жемқорлық әрекеттер туралы хабар беруге де болады", - дейді агенттік мамандары.
Бұдан бөлек, арнайы сауалнамадан өтуге болады. Осылайша, халықтың пікірі негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға түзету енгізіліп, тиімділігі бағаланады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары лауазымдар тізімі де бар. Ал мемлекеттік органдар мен өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы көрсетілген.
Волонтерлік қызметке арналған бөлім порталдың маңызды элементі болып саналады. Ол жерде волонтерлер мен еріктілер ұйымдары туралы ақпарат бар. Сондай-ақ, ерікті боламын дейтін азаматтар анектаны толтырып, жібере алады.
Жаңа порталғаы мына сілтеме арқылы өтуге болады.