АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Жезқазған қаласында интернет-сайттарда есірткі жарнамалағаны үшін 26 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
"Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деп жазылған Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ұлытау облысының прокуратурасы есірткі заттарын тарату және оларды жарнамалау үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертті.
Үкім заңды күшіне енді.