Есірткі сатумен айналысқан 300 мессенджер арнасы анықталды

© AFP 2024 / Kirill Kudryavtsev Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Жазылу
Жалпы ақша айналымы 3 миллиард теңгені құрады
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Қаржы мониторингі агенттігі Telegram мессенджер арналарына, әлеуметтік желілерге және есірткі құралдары мен прекурсорларды таратуға арналған жарнама қызметтеріне мониторинг жүргізеді.
Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған есірткі сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейсі ведомство назарына түскен.
"Telegram арналарын пайдаланған 80 адам анықталып, олар үнемі жарнама жасап, сонымен қатар елде есірткі және психотроптық заттарды сатумен айналысқаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Интернет кеңістігінің қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде аудиториясының жалпы саны 35 мыңға жуық адамды құрайтын есірткі сатуға арналған 3 ірі платформа анықталды.
"Біз әлеуетті есірткі тұтынушы болып саналатын 10 мыңға жуық адамды анықтай алдық",- дейді агенттік.
Талдау тұтынушылардың 50%-дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысында екенін көрсетті.
Өткен жылы ведомство айналымы 25,6 миллиард теңге 36 есірткі дүкенін анықтады.
"Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі платформасына тиесілі 59 карта-шот анықталды", - деп хабардады агенттіктегілер.
Алдын ала жүргізілген қаржылық тексеру сараптамасының қорытындысы бойынша бұл дүкендердегі жалпы ақша айналымы 3 миллиард теңгені құрады.
Айналымы 82 миллион теңгені құрайтын дәріханалардың біріне қатысты материалдар Ішкі істер министрлігіне жіберілді.
Жаңалықтар
0