Жеңістің 80 жылдығы

Түркістанда Жеңістің 80 жылдығына орай VI жастар спорт ойындары басталды

Кешенді жарыс 1 қазанға дейін спорттың 34 түрінен өтеді
Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Түркістанда Жеңістің 80 жылдығына орай VI жастар спорт ойындары басталды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
"Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Ата-бабаларымыз сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсетіп, бізге бүгінгі бейбіт күнді сыйлады. Батырлардың ерлігі мен еңбегін ұмытпауымыз керек", – деді туризм және спорт министрі.
Кешенді жарыс 1 қазанға дейін спорттың 34 түрінен өтеді. Оған 2000-нан астам спортшы қатысады.
VI Жастар спорт ойындары еліміздің барлық өңірінде өтеді. Оның ішінде Түркістанда баскетболдан, байдаркада және каноэде есу спорт түрлері бойынша ұйымдастырылады.
Жеңістің 80 жылдығы
Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай хореографтар фестивалі өтті