Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай хореографтар фестивалі өтті

© Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігіАстанада Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестивалі өтті
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестивалі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстанның ұжымдары қатысты
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясында Жеңістің 80 жылдығына орай халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстанның ұжымдары қатысты.
Фестиваль Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен өтті. Аталған қордың арқасында ТМД елдерінің шығармашыл жастарын біріктіретін осындай бірегей халықаралық жобалар ұйымдастырылуда.
Гала-концерт барысында фестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды:
Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанованың жүлдесін – Анастасия Третьякова (Қазан, Ресей) иеленді.
"Астана Балет" театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриеваның жүлдесі – Абай Юсуповқа (Астана, Қазақстан) берілді.
"Гүлдер" ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың жүлдесі – Елизавета Трашковаға (Ташкент, Өзбекстан) табысталды.
Қазақстан халқы ассамблеясының жүлдесі – Давид Компанецке (Астана, Қазақстан) берілді.
Visit Astana туриcтік ақпараттық орталығының жүлдесі — Ирина Капустинаға (Минск, Беларусь) табысталды.
Отты жылдар әндері: Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай әндер фестивалі өтті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай әндер фестивалі өтті
Жаңалықтар
0