Қазақстан онлайн қызмет бойынша үздік 10 елдің қатарына енді

Рейтингте 193 ел қамтылған
Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстан мемлекеттік қызметтердің цифрлануы бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ranking.kz сайтына сілтеме жасап
Бүгінде еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электронды форматта қолжетімді, оның ішінде 90,8%-ын eGov Mobile платформасы арқылы алуға болады.
Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Қытай, АҚШ, Германия, Австралия және БАӘ сияқты дамыған елдерден озып шықты.

"БҰҰ деректері бойынша, Қазақстан 2024 жылы 193 елдің арасында үздік ондыққа кіріп, Оңтүстік Корея, Дания, Эстония, Сауд Арабиясы, Украина, Сингапур, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия және Жапониямен бір қатарда тұр", — делінген хабарламада.

Қазақстаннан кейінгі орындарда орналасқан елдер:
Қытай – 11-орын
Германия – 12-орын
Аустралия – 14-орын
Нидерланды – 15-орын
БАӘ – 16-орын
АҚШ – 17-орын
Ал ТМД елдері Қазақстаннан айтарлықтай төмен орналасқан:
Армения – 53-орын
Ресей – 56-орын
Өзбекстан – 59-орын
Әзіебайжан – 67-орын
Қырғызстан – 89-орын
Беларусь – 97-орын
Тәжікстан – 130-орын
Түрікменстан – 172-орын.
Ресей Қазақстанның цифрландыру деңгейін жоғары бағалады