Шымкентте Мәдениет және өнер университеті ашылады

Тоқаев қала әкімі мен мәдениет және ақпарат министріне тиісті тапсырма берді
Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы жұртшылықтың Шымкент қаласында Мәдениет және өнер университетін ашу жөніндегі ұсынысын қолдады, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырма берді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысуды жоспарлап отыр. Ол қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлермен және қала жұртшылығымен кездесті.
Тоқаев Шымкент қаласына барды