"Қазір үкімет мүшелері әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектер қосылған құн салығынан босатылады дейді. Бірақ, шынын айту керек, бұл - жарым-жартылай шешім. Қазіргі проблеманы шеше алмайды. Ал басқа аурулар бойынша мәселе ушыға түседі. Мәселен, онкология бойынша екі дәрі тегін беріледі. Бірақ бұның бәрі - дженерик. Сол себепті науқастардың көбісі мемлекет беретін дәрілерді қолданбайды. Олар түпнұсқа препаратты іздейді. Ал оған ақша керек. Сондықтан дәрі-дәрмекті толығымен қосылған құн салығынан босату керек", - деді Аймағамбетов бүгін қоғамдық палатаның отырысында.
"Олар компромисске келейін деп тұрған жоқ. Сол 10 процентті қалдырамыз дейді. Меніңше, дұрыс емес. Үкімет мүшелері халықтың бәрі медициналық қызметтерді МӘМС пен кепілдендірілген тегін қызмет арқылы алады деп отыр. Ондай мәлімдемелер сын көтермейді. Қазіргі статистика халықтың 40 проценті медициналық қызмет үшін өз қалтасынан ақша төлеп жатқанын көрсетіп отыр ғой. Себебі тегін қызметті алу үшін көп уақыт кетеді", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.