Жамбыл облысында бес баланың анасы жеті жыл бойы алимент төлеуден жалтарған

Ананың балаларының алдында 1,4 млн теңге берешегі болған
Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Шу ауданында бес баланың анасы алимент төлеуден жалтарғаны үшін тергеуге алынып, берешегін өтеді, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.
Көп балалы ананың 2018 жылдан бастап 1,4 млн теңге берешегі жиналған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның алимент төлеуге мүмкіндігі болғаны, алайда төлеу үшін қажетті шаралар қолданбағаны анықталды.
Сондай-ақ, борышкердің меншігінде үйі және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу мақсатындағы жер телімі бар екені анықталған.

"Тараптардың өзара келісімі бойынша борышкердің үйі алимент берешегін өтеу есебіне берілді. Қол жеткізген медиативтік келісімге сәйкес көп балалы ана алиментті тұрақты түрде төлеуге міндеттелді. 2025 жылдың наурызында тараптардың татуласуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды", - дейді облыстық прокуратура.

12 млн теңге қарыз: 5 жыл алимент төлемеген ер адам жер учаскесін беруге мәжбүр болды