Тоқаев жарлығымен ғалымдар мемлекеттік наградалармен марапатталды

4 ғалым "Парасат", 15 адам "Құрмет" орденіне ие болды
Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Бір топ ғалым президент жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Атап айтқанда, 4 ғалым "Парасат", 15 адам "Құрмет" орденіне ие болды.
Бұдан бөлек, 6 маманға "Ерен еңбегі үшін" медалі берілсе, тағы 2 ғалымға "Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағы табыс етілді.
Марапатталғандардың толық тізімін мына жерден көруге болады.
Ұшақта адам өмірін сақтап қалғаны Астана медицина университетінің студенті марапатталды