АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстан атом электр станцияларын салуға арналған технологияларды әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.
"Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасы бойынша реакторлық технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізімі (шорт-лист) жасалды. Бұл тізімге ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясымен қатар кореялық KHNP компаниясы, француздық EDF және қытайлық CNNC компаниялары кіреді", - делінген хабарламада.
Жобаны жүзеге асыру үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау туралы түпкілікті шешім еліміздің ұлттық мүдделерін ескере отырып, Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданады.