Қазақстан АЭС салуға арналған технологияны болашақ жеткізушілердің қысқа тізімін жасады

© Photo : KazenergyАЭС Атом
АЭС Атом - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Жазылу
Оның құрамына ресейлік "Росатом", кореялық KHNP компаниясы, Францияның EDF және Қытайдың CNNC компаниялары кірді
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстан атом электр станцияларын салуға арналған технологияларды әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.

"Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасы бойынша реакторлық технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізімі (шорт-лист) жасалды. Бұл тізімге ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясымен қатар кореялық KHNP компаниясы, француздық EDF және қытайлық CNNC компаниялары кіреді", - делінген хабарламада.

Жобаны жүзеге асыру үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау туралы түпкілікті шешім еліміздің ұлттық мүдделерін ескере отырып, Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданады.
АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Үкімет тағы екі АЭС салынатын жерді анықтауға кірісті
Жаңалықтар
0