АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Қалалық мәдениет сарайында Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін еске алу мақсатында "Отты жылдар әндері" фестивалі өтті.
Фестиваль 1941 жылы Семей қаласында құрылған 238-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолына арналған тарихи бейнероликпен ашылды. Сахнада шырқалған әскери әндер мен орындаушыларды көрермен ыстық ықыласпен қошеметтеп отырды.
Отты жылдар әндері: Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай әндер фестивалі өтті
© Photo : Семей қаласының әкімдігі
Семей қаласы тарихи кезеңнен тыс қалған жоқ – мұнда екі атқыштар дивизиясы жасақталып, майдан үшін жұмыс істеген ірі өндіріс орындары эвакуацияланып орналастырылды. Соғыс жылдары мұнда эвакогоспитальдар жұмыс істеп тұрған.
"Бүгін біз осы қалада жасақталған 238-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолын еске аламыз. Қасиетті Отанын жаудан қорғаған жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі ұрпақ ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпай, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруі тиіс " - деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев.