АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Үкімет салық реформасы аясында үш арнаулы салық режимін қалдаруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі таңда жеті арнаулы салық режимі бар. Үкімет үшеуін ғана қалдыруды ұсынып отыр. Олар:
1.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа жеңілдетілген режим;2.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;3.
Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.Бүгін осы ұсыныстарды премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжіліс депутаттарына таныстырды. Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.
Айта кетері, салық реформасы аясырда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі де өзгереді.