АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Ақтөбедеде алаяқтық дерегі бойынша "Жилище" құрылыс компаниясының төрағасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
"Жилище" құрылыс компаниясына баспаналы болу мақсатында 75 үлескер 421 млн теңгеден астам қаражат салған. Компания Ақтөбе қаласында 2 бірдей тұрғын үй салып беруге уәде еткенімен, үйді салмаған. Іс сотқа жіберілді.
"Облыс аумағында жалпы 11 проблемалық үлескерлік құрылыс бар. Олар құрылысқа қаражат салған 745 үлескерге 5,6 млрд теңге залал келтірген. Өткен жылы 5 құрылыс компания басшылары 8 нысан бойынша қылмысқа тартылып 6 жылға сотталған болатын", - делінген хабарламада.
Прокуратура органдары азаматтарды құрылысшылардан барлық рұқсат құжаттарын талап етуге шақырады. Атап айтқанда
уәкілетті оператордың кепілдігі;
екінші деңгейлі банктің жобаға қатысуы;
тұрғын үйдің құрылысының толық даярлығы сынды құжаттар талап етілуі тиіс.