Жеңістің 80 жылдығы

Байқоңырдан Жеңістің 80 жылдығына арналған зымыран ұшырылды - видео

Санаулы минут бұрын бірнеше тонна отын тиелген зымыран орбитаға шықты
Sputnik
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-27" басқарылатын көлік ғарыш кемесі бар "Союз-2.1а", "Ракета Победы" зымыран тасымалдағыш ұшырылды.
Бұл ұшу Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған.
3 сағат 17 минуттан кейін құрамында "Роскосмос" ғарышкерлері Сергей Рыжиков, Алексей Зубрицкий және NASA астронавты Джонатан Ким бар экипаж Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) ресейлік сегментінің "Причал" модулімен түйіседі.
Байқоңырдан Жеңістің 80 жылдығына арналған зымыран ұшырылды
Роскосмостың мәліметінше, экипаж орбитада 245 күн болады.
Экспедиция барысында ресейлік бағдарлама бойынша екі рет ғарышқа шығып, 40-тан астам ғылыми тәжірибелер жүргізу жоспарланған.
Жеңістің 80 жылдығы
Қазақстандық театр Санкт-Петербургте Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальге қатысады