Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бастығы мен оның орынбасары сотталды

Олар жергілікті кәсіпкерден 7,4 млн теңге көлемінде пара алған
Sputnik
АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы мен оның орынбасары және кәсіпкерге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Лауазымды тұлғалар кәсіпкердің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін 7,4 млн теңге көлемінде бірнеше рет пара алған.

"Сот үкімімен Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Куконев 7 жыл 6 айға, ал оның орынбасары Майманов пен кәсіпкер Жұмашев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа Куконев "азаматтық қорғаныс полковнигі" ал Майманов "азаматтық қорғаныс майоры" арнайы атағынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Солтүстік Қазақстанда шенеуніктер 10 млн теңге пара алғаны үшін темір торға тоғытылды