АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Мәжілістің бір топ депутаты Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысатын әскери қызметшілер мен курсанттар оқытылып жатқан дала лагеріне барды, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.
Депутаттар Жеңіс парадына дайындық жүргізіліп жатқан дала лагеріне барды
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
Депутаттар жеке құрамның жағдайымен танысып, парадқа қатысушылармен және олардың командирлерімен тілдесті.
"Кездесуде әскери қызметкерлердің қауіпсіздігін, медициналық қызметпен және тамақтануын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды", - деп жазылған хабарламада.
Халық қалаулылары дайындыққа қатысушылардың қызметіне алғыс айтып, Жеңіс парадының жоғары деңгейде өтетініне және игі іс-шараның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың ерлігін еске алу мен құрмет көрсетудің жарқын символына айналарына сенім білдірді.