"Бұл - араңдату": депутат туға қатысты оқиға әдейі ұйымдастырылғанын айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевЕрмұрат Бәпи
Ермұрат Бәпи - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Жазылу
Депутат қоғамда заңды түрде алаңдаушылық тудырған бұл бассыздыққа тиісті баға берілуі керек екенін айтты
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мемлекеттік туды қорлау оқиғасы бойынша араңдатушыларды табуды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында Атырауда арабша жазуы бар Қазақстан туымен суретке түскен адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Депутат Ермұрат Бәпи осы әрекеттің артында бір арандатушылық күштер бар деп санайды.
"Елдің туын бүлдіру арқылы жат пиғылды дәріптемек болған бұл төрт қыз әлдебір арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін. Олар жастық алаңғасырлықпен, әлде материалдық қызығушылықпен немесе діни сауатсыздықпен жасаған бұл өрескел заң бұзушылықтың тасасында тұрған әлдебір кереғар күштер бар сияқты. Міне, әкімшілік тұрғыдағы жазасын алған төрт қыздан бұрын, осы қылмысты әрекетті ұйымдастырушылар жазаға тартылуы тиіс", - деді Бәпи мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, қоғамда заңды түрде алаңдаушылық тудырған бұл бассыздыққа тиісті баға берілуі керек.
"Бұл – жеке біреулердің діни көзқарасын білдіруі емес, қоғам тұрақтылығын, мемлекеттік тұтастықты бұзуға бағытталған нақақтан-нақақ жасалған арандату. Бұны ежелден қалыптасқан діни бірлік пен қоғамға жарқышақ салудың қаскөй әрекеті деп бағалау керек! Сонымен қатар, бұл оқиғаның арандатушылық мазмұны мен мемлекеттік тудың бетінде қолданылған символиканың сипаты – оның алдын ала жоспарланғанын, әлдебір топтың нақақ ұйымдастырғанын көрсетеді", - деп атап көрсетті депутат.
Бәпи бас прокурорға депутаттық сауал жолдап, арандатушылыққа алданған төрт әйелдің артында тұрған күштерді, жалған туды дайындаушыларды, оны таратушыларды анықтап, қатаң жазаға тартуды талап етті.
Жолдағы сиыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Малды қараусыз қалдырған 300-ге жуық азамат жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0