Жеңістің 80 жылдығы

Семейде Сталинград шайқасына арналған көрме ашылды

Өскемендегі "Русский дом" Жеңістің 80 жылдығына арналған әдеби шараны ашты
Sputnik
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Семейдегі Достоевский мұражайында "Сарбаз боп тумайды: Сталинград шайқасы әдебиетте" атты көрме ашылды.
Өскемендегі "Русский дом" хабарлағанадай, көрмеге келушілерді Сталинград шайқасының негізгі оқиғаларымен және соғыстан кейінгі шығармаларында Сталинград тақырыбын жан-жақты көрсеткен Константин Симоновтың шығармашылығымен таныстырады.
Семейде Сталинград шайқасына арналған көрме ашылды
Көрменің ашылу салтанатында Ресей Федерациясының Өскемендегі Бас консулдығының өкілдері мен В.И.Даль атындағы мемлекеттік орыс әдебиеті тарихы мұражайының қызметкерлері сөз сөйледі. Қонақтарға Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас консулы Алан Хетагуровтың құттықтау сөзі оқылды.
Ол 200 күн мен түнге созылған Сталинград шайқасы бүкіл соғыстағы ең шешуші кезеңдердің бірі болғанын айтты. Бұл шайқас өздері тікелей қатысқан жазушылар, ақындар, кинорежиссерлердің шығармаларында көрініс тапқан.
"Соғыс прозасы әрқашан сұранысқа ие және оны оқу арқылы жастар сонау жылдардағы қайғылы оқиғаларды еске алуға, шынайы патриот болуға және өз елін одан сайын сүюге ұмтылатыны сөзсіз. Бүгінгі көрме бізге бейбітшілік сыйлаған адамдарға деген алғысты мәңгі сақтайды деп ойлаймын", - деп жазды Хетагуров.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық қалай жүріп жатыр