АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткімен ұсталған Қызылорда қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды өңір прокуратурасы.
"Ер адам "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызында 2 келіден астам марихуана тасымалдаған. Оны жедел іс-шаралар барысында Түркістан станциясында көлік полициясының қызметкерлері ұстайды. Сот оны өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп тапты", - делінген хабарламада.
Сот шешімі бойынша Қызылордалық тұрғын 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Көлік прокуратурасы азаматтарды есірткі бизнесіне араласпауға және заң мен тәртіптің бәрінен жоғары екенін еске салады.