Түркістан облысында есірткімен ұсталған азамат 8 жылға сотталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoТүркістан облысында есірткімен ұсталған азамат 8 жылға сотталды
Түркістан облысында есірткімен ұсталған азамат 8 жылға сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жазылу
Ер адам "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызында 2 келіден астам марихуана тасымалдаған
АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткімен ұсталған Қызылорда қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды өңір прокуратурасы.
"Ер адам "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызында 2 келіден астам марихуана тасымалдаған. Оны жедел іс-шаралар барысында Түркістан станциясында көлік полициясының қызметкерлері ұстайды. Сот оны өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп тапты", - делінген хабарламада.
Сот шешімі бойынша Қызылордалық тұрғын 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Көлік прокуратурасы азаматтарды есірткі бизнесіне араласпауға және заң мен тәртіптің бәрінен жоғары екенін еске салады.
Маңғыстау облысында есірткі саудасына күдіктілерден 1 млрд теңге табылды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Маңғыстауда есірткі саудасымен айналысқандардан 1 млрд теңге табылды
Жаңалықтар
0