АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандағы Конгресс-орталыққа барды, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды.
Аймақ пен Еуроодақ басшыларының кездесуінде өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Батыс енгізген Ресейге қарсы санкцияларды сақтау мәселелерін талқылау жоспарланған.