Қарағанды облысында құс фабрикасы өртенді

Өрт ғимараттың ішіне таралмауының нәтижесінде 8 мыңға жуық тауық аман қалды
Sputnik
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылында құс фабрикасының аумағында бір қабатты ғимараттың шатыры жанды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 1500 шаршы метр аумақтағы өртті тез арада жойды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, өрт ғимараттың ішіне таралмай, 8000-ға жуық тауық аман қалды. Өрттің тез таралуына қатты екпінді жел ықпал етті.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Алматы облысында азық-түлік қоймасы өртенді