Қазақ тілін оқитын мәскеулік студенттер Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне барды

Sputnik
АСТАНА, 3 сәуір-Sputnik. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің (ММЛУ) студенттері Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде қонақта болды.
Қазақ тілін оқитын мәскеулік студенттер Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне барды
Бұл студенттер қазақ тілі мен мәдениеті орталығында қазақ тілін үйренеді. Орталық 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолдауымен ашылды. Осы уақыт ішінде мұнда ондаған ресейлік студент қазақ тілін үйренді.
Қазақ тілін оқитын мәскеулік студенттер Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне барды
Елші Дәурен Абаев балаларға қазақ тілін таңдағаны үшін ризашылығын білдіріп, оқуда табыс тіледі. Ол студенттердің сұрақтарына да жауап берді.
Қазақ тілін оқитын мәскеулік студенттер Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне барды
Сонымен қатар студенттер Қазақстан-Ресей қатынастары мұражайының экспозициясымен танысты.
Қазақ тілін оқитын мәскеулік студенттер Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне барды
Дәурен Абаев наурыз айында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетіне барып, студенттермен кездескен болатын. Сол жерде елшіге орталық түлектері қазақ тілін кәсіби коммуникация ретінде меңгергені, яғни олар қазақ тілінде күрделі келіссөздер жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай алатындығы айтылған. Қазақ тілі Мәскеудегі жоғарғы оқу орнында үлкен көпмәдениетті тілдер отбасының толыққанды мүшесі болды.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ММЛУ-ке барды
Сондай-ақ елші Мәскеу студенттеріне дәріс оқыды. Оның бағамдауынша, қазақ тілі барлық түркі тілдерінің алтын ортасы болып табылады, оны білген адам түрік, қырғыз, әзербайжан және басқа да ұқсас тілдерді оңай меңгеріп алады.
Тоқаев: Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін