https://sputnik.kz/20250403/qazaq-tilin-oqityn-maskeulik-studentter-qazaqstannyn-reseydegi-elshiligine-bardy-52167903.html
Қазақ тілін оқитын мәскеулік студенттер Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне барды
Қазақ тілін оқитын мәскеулік студенттер Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне барды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір-Sputnik. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің (ММЛУ) студенттері Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде қонақта болды. 03.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-03T12:34+0500
2025-04-03T12:34+0500
2025-04-03T12:39+0500
ресей елшілігі
қазақстан
қазақ тілі
ресей
дәурен абаев
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52156064_232:216:973:633_1920x0_80_0_0_add90fb503344f52bde78082d9398521.jpg
АСТАНА, 3 сәуір-Sputnik. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің (ММЛУ) студенттері Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде қонақта болды.Бұл студенттер қазақ тілі мен мәдениеті орталығында қазақ тілін үйренеді. Орталық 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолдауымен ашылды. Осы уақыт ішінде мұнда ондаған ресейлік студент қазақ тілін үйренді.Елші Дәурен Абаев балаларға қазақ тілін таңдағаны үшін ризашылығын білдіріп, оқуда табыс тіледі. Ол студенттердің сұрақтарына да жауап берді.Сонымен қатар студенттер Қазақстан-Ресей қатынастары мұражайының экспозициясымен танысты.Дәурен Абаев наурыз айында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетіне барып, студенттермен кездескен болатын. Сол жерде елшіге орталық түлектері қазақ тілін кәсіби коммуникация ретінде меңгергені, яғни олар қазақ тілінде күрделі келіссөздер жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай алатындығы айтылған. Қазақ тілі Мәскеудегі жоғарғы оқу орнында үлкен көпмәдениетті тілдер отбасының толыққанды мүшесі болды.Сондай-ақ елші Мәскеу студенттеріне дәріс оқыды. Оның бағамдауынша, қазақ тілі барлық түркі тілдерінің алтын ортасы болып табылады, оны білген адам түрік, қырғыз, әзербайжан және басқа да ұқсас тілдерді оңай меңгеріп алады.
https://sputnik.kz/20240425/toqaev-qazaq-tili-uaqyt-ote-kele-etnosaralyq-qatynas-tiline-aynalatynyna-senimdimin-43894373.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52156064_230:200:959:747_1920x0_80_0_0_ac0aa061f9e9175d978ad4c7b2e3d5ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей елшілігі, қазақстан, қазақ тілі, ресей, дәурен абаев
ресей елшілігі, қазақстан, қазақ тілі, ресей, дәурен абаев
АСТАНА, 3 сәуір-Sputnik. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің (ММЛУ) студенттері Қазақстанның Ресейдегі
елшілігінде қонақта болды.
Бұл студенттер қазақ тілі мен мәдениеті орталығында қазақ тілін үйренеді. Орталық 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолдауымен ашылды. Осы уақыт ішінде мұнда ондаған ресейлік студент қазақ тілін үйренді.
Елші Дәурен Абаев балаларға қазақ тілін таңдағаны үшін ризашылығын білдіріп, оқуда табыс тіледі. Ол студенттердің сұрақтарына да жауап берді.
Сонымен қатар студенттер Қазақстан-Ресей қатынастары мұражайының экспозициясымен танысты.
Дәурен Абаев наурыз айында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетіне барып, студенттермен кездескен болатын. Сол жерде елшіге орталық түлектері қазақ тілін кәсіби коммуникация ретінде меңгергені, яғни олар қазақ тілінде күрделі келіссөздер жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай алатындығы айтылған. Қазақ тілі Мәскеудегі жоғарғы оқу орнында үлкен көпмәдениетті тілдер отбасының толыққанды мүшесі болды.
Сондай-ақ елші Мәскеу студенттеріне дәріс оқыды. Оның бағамдауынша, қазақ тілі барлық түркі тілдерінің алтын ортасы болып табылады, оны білген адам түрік, қырғыз, әзербайжан және басқа да ұқсас тілдерді оңай меңгеріп алады.