Маңғыстау облысында 11 оқушы уланып қалды

Қазіргі балалардың денсаулығы бірқалыпты, амбулаторлық бақылауда
Sputnik
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 11 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
1 сәуірде сағат кешкі жеті мен түнгі он бір аралығында 11 бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.
"Бейнеу аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне құсу, әлсіздікке шығымданған балалар келіп түсті. Дәрігерлердің қарауынан кейін барлық бала үйлеріне жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандары жоқ", - дейді ведомстводағылар.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта балалардың денсаулығы бірқалыпты, амбулаторлық бақылауда.
"Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жедел тексеру бастады. Азық-түлік сынамаларын зертханалық зерттеулерге алып, тиісті санитариялық профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, оқиғаның неден болғаны анықтау үстінде", - деп хабарлады Бейнеу ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысында адамдар жаппай уланып қалды