Түркістан облысында адамдар жаппай уланып қалды

Жапон асханасы
Жапон асханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
Уланған 22 адам ауруханаға жатқызылды
АСТАНА, 12 наурыз - Sputnik. Түркістан облысында адамдар жаппай сушиден уланып қалды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Уланғандардың бәрі сушиге тапсырыс бергендерін айтқан. Әлеуметтік желідегі парақшасында тағамның халал екенін жазған дәмханаға хабарласу мүмкін болмады, абонент өшірулі.
Ал сушиден уланған 22 адам ауруханаға жатқызылды.
"Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Оларға "Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай" диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалған, дәрі-дәрмек жеткілікті", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Ақтөбе облысында оқушылар жаппай уланды: қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
0