АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының Қараөзек ауылында жолды су басты.
"2 сәуір күні сағат 02:30-да Қараөзек ауылына кіреберіс автожолды су басты. Су тасқынына байланысты жол уақытша жабылды, кіруге және шығуға тыйым салынады", - деп хабарлады Қараөзек ауылдық округінің әкімдігі.
Әкімдік тұрғындарды су басқан жерлерден өтпеуді, судың қайтуын күтуді сұрады.
"Бұл өміріңіз бен денсаулығыңыз үшін өте қауіпті. Өздеріңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!", - деп ескертті ведомство мамандары.