TikTok баяу істеп тұр - министр кеңес берді

VPN арқылы кіргенде TikTok-тың жұмысы қиындауы мүмкін
Sputnik
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев TikTok-қа кіргенде VPN-ді пайдаланбауға кеңес берді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, VPN арқылы кіргенде TikTok-тың жұмысы қиындауы мүмкін.
"Себебі IP-адрес өзгертіледі. Ондайда қазақ тілді және орыс тілді контенттің модераторлары трафикті жылдам анықтай алмайды. Біздіңше, VPN қолданғанда TikTok жұмысы қиындап кетеді", - деді Мәдиев мәжілісте өткен брифингте.
Ал интернет жағынан ешқандай ақаулық жоқ.
"TikTok-тың жұмысына әсер ететіндей интернетпен проблема байқап отырған жоқпыз", - деді министр.
Осы орайда Мәдиев TikTok трафигіне басқа мемлекеттік орган-мәдениет және ақпарат министрлігі жауап беретінін де еске салды.
Әлеуметтік желі балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін – Тоқаев