https://sputnik.kz/20241003/aleumettik-zheli-balalardy-gana-emes-ulkenderdi-de-zombige-aynaldyruy-mumkin--toqaev-47514615.html
Әлеуметтік желі балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін – Тоқаев
Әлеуметтік желі балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент балалар арасындағы қайғылы жағдайлардың себебі неде екенін айтты 03.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-03T12:14+0500
2024-10-03T12:14+0500
2024-10-03T12:14+0500
әлеуметтік желілер
балалар
https://sputnik.kz/img/154/33/1543380_0:2:4032:2270_1920x0_80_0_0_17ad4f6c193e499bfed388231e734abb.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар арасындағы қайғылы жағдайларға қытысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Президенттің айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы. Бірақ бақытты балалықтың негізі отбасыдан басталады.Осы орайда мемлекет басшысы заманауи технологиялар дамуға даңғыл жол ашатынын ерекше атап өтті. Алайда адам өміріне де айтарлықтай қауіп төндіреді."Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін. Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіпті болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты. Ұл-қыздарымызға көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды. Баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаң қадағалау қажет", - деп атап көрсетті президент.Тоқаев ата-аналардың жауапкершілігі идеясын ілгерілетуге бағытталған қоғамдық бастаманы қолға алу қажет деп санайды."Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты шара қабылдауды тапсырамын. Балалар мен жасөспірімдер арасында ел ішіндегі шынайы қаһармандарды насихаттауымыз қажет. Мысалы, жақында өткен Дүниежүзілік олимпиададағы шахматшы қыздарымыздың жарқын жеңісі үлгі етуге тұрарлық", - деді Тоқаев.Бұдан бөлек, қазақстандық оқушылар математикадан, физикадан және басқа да пәндерден өткен олимпиадаларда жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/154/33/1543380_502:0:3531:2272_1920x0_80_0_0_24ae29af3f3663b4e16675983bd65f58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік желілер, балалар
әлеуметтік желілер, балалар
Әлеуметтік желі балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін – Тоқаев
Президент балалар арасындағы қайғылы жағдайлардың себебі неде екенін айтты
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар арасындағы қайғылы жағдайларға қытысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президенттің айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы. Бірақ бақытты балалықтың негізі отбасыдан басталады.
"Біздің қоғам қазір бетпе-бет келген көптеген мәселе мен кеселдің түп-тамыры ата-аналардың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпауынан басталады. Ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналды. Балаларға қатысты кез келген қайғылы жағдай менің жаныма батады. Мемлекеттік органдардың назарын дереу осындай жағдайларға аударып, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауымда ұстаймын", - деді Тоқаев мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында.
Осы орайда мемлекет басшысы заманауи технологиялар дамуға даңғыл жол ашатынын ерекше атап өтті. Алайда адам өміріне де айтарлықтай қауіп төндіреді.
"Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін. Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіпті болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты. Ұл-қыздарымызға көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды. Баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаң қадағалау қажет", - деп атап көрсетті президент.
Тоқаев ата-аналардың жауапкершілігі идеясын ілгерілетуге бағытталған қоғамдық бастаманы қолға алу қажет деп санайды.
"Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты шара қабылдауды тапсырамын. Балалар мен жасөспірімдер арасында ел ішіндегі шынайы қаһармандарды насихаттауымыз қажет. Мысалы, жақында өткен Дүниежүзілік олимпиададағы шахматшы қыздарымыздың жарқын жеңісі үлгі етуге тұрарлық", - деді Тоқаев.
Бұдан бөлек, қазақстандық оқушылар математикадан, физикадан және басқа да пәндерден өткен олимпиадаларда жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүр.