АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен Давид Лория бас хатшы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі.
Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты, елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденімен наградталған.