Самарқанға кіретін жолдар үш күнге жабылады

Ішкі істер органдары Самарқанға келгісі келетін адамдарға өз саяхатын кейінге шегеруге кеңес берді
Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз– Sputnik. Самарқанда өтетін "Орталық Азия – Еуропалық одақ" саммитіне байланысты қала үш күнге жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Аймақтық ішкі істер департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 3-5 сәуір күндері қалада 12 бірдей көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Ал Самарқанға кіретін жолдар уақытша жабылады.
Саммит кезінде транзиттік көліктер айналма жолмен өтеді. Ол үшін көлік жүргізушілеріне арнайы флаерлер таратылады. Ондағы QR-кодпен айналма жолдың бағдарын шығарып алуға болады.
Ішкі істер органдары Самарқанға келгісі келетін адамдарға өз саяхатын кейінге шегеруге кеңес берді.
Айта кетері, "Орталық Азия – Еуропалық одақ" саммиті Өзбекстанның төрағалығымен өтеді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның басшылары қатысады. Ал Еуропалық одақтың атынан Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Кошта мен Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен келеді.
Тоқаев Өзбекстан басшысына орден тақты