Самарқанға кіретін жолдар үш күнге жабылады

© Flickr/David HoltСамарканд
Самарканд - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Ішкі істер органдары Самарқанға келгісі келетін адамдарға өз саяхатын кейінге шегеруге кеңес берді
АСТАНА, 31 наурыз– Sputnik. Самарқанда өтетін "Орталық Азия – Еуропалық одақ" саммитіне байланысты қала үш күнге жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Аймақтық ішкі істер департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 3-5 сәуір күндері қалада 12 бірдей көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Ал Самарқанға кіретін жолдар уақытша жабылады.
Саммит кезінде транзиттік көліктер айналма жолмен өтеді. Ол үшін көлік жүргізушілеріне арнайы флаерлер таратылады. Ондағы QR-кодпен айналма жолдың бағдарын шығарып алуға болады.
Ішкі істер органдары Самарқанға келгісі келетін адамдарға өз саяхатын кейінге шегеруге кеңес берді.
Айта кетері, "Орталық Азия – Еуропалық одақ" саммиті Өзбекстанның төрағалығымен өтеді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның басшылары қатысады. Ал Еуропалық одақтың атынан Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Кошта мен Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен келеді.
Токаев наградил Мирзиёева орденом Алтын кыран (Золотой орел) - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Тоқаев Өзбекстан басшысына орден тақты
Жаңалықтар
0