Атырауда жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы басталды

Зауыттың құрылысы кезеңінде шамамен 8000 жұмыс орны, ал өндіріс басталғаннан кейін 800 жұмыс орны ашылады
Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Атырау облысында полиэтилен өндіретін зауытының алғашқы қазығы қағылды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз".
Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін және инвестиция көлемі 7 млрд доллар құрайтын зауыт құрылысын 2028 жылы аяқтап, өндірісті 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Атырауда жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы басталды
"Зауыт негізгі өнеркәсіп салаларында қолданылатын 20-дан астам полиэтилен түрін шығаруға қауқарлы. Жоба құрылыс кезеңінің өзінде ұлттық экономикаға мультипликативті оң әсер тигізіп, Қазақстанның шикізаттық емес экспортын арттыруға ықпал етеді. Бұл өнімдер елдегі полиэтилен импортының 90%-ын алмастыра алады", - делінген хабарламада.
Зауыттың құрылысы кезеңінде шамамен 8000 жұмыс орны, ал өндіріс басталғаннан кейін 800 жұмыс орны ашылады.
️"Мұнай-газ химиясы саласындағы әлемдік жетекші технологиялық шешімдер жаңа өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оның сенімді жұмысына және қоршаған ортаға минималды әсеріне кепіл береді", - дейді компания.
Зауыт Қазақстанның полиэтиленге деген ішкі сұранысын қамтамасыз ете отырып, өнімдерін ТМД елдеріне, Еуропа, Қытай және Түркияға жеткізуді жоспарлап отыр.
Үржарда жаңа зауыт салынып жатыр