Атырауда бөгеттер тәулік бойы нығайтылып жатыр

Қазірдің өзінде бөгеттерді нығайту үшін өңірде барлығы 104 674 қап пен 21 000 тонна инертті материал қолданылған
Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.
Атырау және Маңғыстау облыстары төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің, сондай-ақ №28237 және №20982 әскери бөлім әскери қызметшілерінің күш салуының арқасында 8500 қап орналастырылды.
Қазірдің өзінде бөгеттерді нығайту үшін өңірде барлығы 104 674 қап пен 21 000 тонна инертті материал қолданылған.
Құтқарушылар мен әскери қызметкерлер бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесіп және тәулік бойы атқарып жатыр.
Жағалауды бекіту жұмыстары кезінде жарықтандыру құралдары мен төтенше жағдайлар министрлігінің командалық-штабтық арнайы техникасын пайдаланып жатыр. Осылайша жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жұмыстары күн сайын жалғасып жатыр.
Су тасқынына дайындық: Батыс Қазақстан облысында 18 гидротехникалық құрылғы жөнделді