Атырауда бөгеттер тәулік бойы нығайтылып жатыр

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Атыраудағы жұмыстар
Атыраудағы жұмыстар - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Қазірдің өзінде бөгеттерді нығайту үшін өңірде барлығы 104 674 қап пен 21 000 тонна инертті материал қолданылған
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.
Атырау және Маңғыстау облыстары төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің, сондай-ақ №28237 және №20982 әскери бөлім әскери қызметшілерінің күш салуының арқасында 8500 қап орналастырылды.
Қазірдің өзінде бөгеттерді нығайту үшін өңірде барлығы 104 674 қап пен 21 000 тонна инертті материал қолданылған.
Құтқарушылар мен әскери қызметкерлер бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесіп және тәулік бойы атқарып жатыр.
Жағалауды бекіту жұмыстары кезінде жарықтандыру құралдары мен төтенше жағдайлар министрлігінің командалық-штабтық арнайы техникасын пайдаланып жатыр. Осылайша жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жұмыстары күн сайын жалғасып жатыр.
Аким Абайской области Берик Уали проверил уровень воды в реке Аягоз
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2025
Су тасқынына дайындық: Батыс Қазақстан облысында 18 гидротехникалық құрылғы жөнделді
Жаңалықтар
0