Алты жылдағы рекорд: "Qarmet" наурызда 300 мың тонна дайын өнім жөнелтеді

Ал "Богатырь Көмір" ақпан айында 3,9 млн тонна көмір тиеп, тарихи рекордқа қол жеткізген
Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Қазақстан темір жолы 2025 жылдың бірінші тоқсанында тасымал бойынша тарихи рекорд жасады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"Богатырь Көмір" ақпан айында 3,9 млн тонна көмір тиеп, тарихи рекордқа қол жеткізген. "Qarmet" АҚ наурыз айында шамамен 300 мың тонна көлемінде дайын өнімді жөнелтуді жоспарлап отыр. Бұл соңғы алты жылдағы жоғарғы рекордтық көрсеткіш", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, "ERG" тобы наурыз айында Ресей порттарына көмір жөнелтудің рекордтық деңгейіне шықты. Ал "Қазақмыс корпорациясы" тасымалдаудың өндірістік жоспарын толық көлемде орындап келеді.
"ҚТЖ жүк жөнелтушілермен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, тасымалдау процесіне барлық қатысушылардың сенімді логистикасы мен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді", - дейді компаниядағылар.
ҚТЖ екі айда 2,4 млн тоннадан астам астық тасымалдады