Жеңістің 80 жылдығы

Жеңіске – 80 жыл: Ақтау гарнизонының теңізшілері Астанаға аттанды

Астанада өтетін салтанатты парадқа қатысатын теңізшілерді ақтаулықтар шығарып салды
Sputnik
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Ақтау гарнизонындағы әскери-теңіз күштерінің офицерлері, старшиналары мен матростарынан құралған 150-ден астам әскери қызметшісі Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындалу үшін Астанаға шықты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
7 мамырда Астанада өтетін салтанатты парадқа қатысатын теңізшілерді ақтаулықтар шығарып салды.
"Ұлым алты айдан бері әртекті корабльдер дивизионында әскери корабльде қызмет етіп келеді. Парадқа қатысу – бұл үлкен мәртебе және мұндай мүмкіндік бәріне бірдей беріле бермейді. Барлық теңізшіге осы жауапты миссияны орындауда сәттілік тілеймін", - деді матрос Әли Битевтің анасы Гүлмира Қалмұратова.
Әскери парадқа әртүрлі бөлімшелердің теңізшілері, соның ішінде әртекті корабльдер дивизионы, десанттық-шабуылдау батальоны, гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі, коменданттық рота және Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығу орталығы қатысады.
Жеңістің 80 жылдығы
Қазақстан Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысушыларды қабылдауға 100% дайын