Спорт

Үш қазақ балуаны еркін күрестен Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Соңғы медаль жиынтығы еркін күрес жарыстарында сарапқа салынады
Sputnik
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Амман (Иордания) қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының соңғы күні басталды, деп хабарлады Olympic.kz.
Ширек финал қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі келесі кезеңге өтті.
74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов моңғолиялық Батбаяр Батсухтан басым түсті.
86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев тағы бір моңғолиялық балуан Батбилгуун Наадамбатты жеңді.
92 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков қытайлық Цзушэнь Линьді тізе бүктірді.
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері атанды