АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Ыстанбұлда жүздеген мың адам тағы шеруге шықты, деп хабарлады 24 kz.
Қамауға алынған қала мэрі Экрем Имамоглудың жақтастары оны босатуды және тез арада сайлау өткізуді талап етті.
Белсенділер: "Мұндай ереуілдер енді әр сенбі түрлі қалада өтеді", – дейді. Олар биліктің шеруге салған ресми тыйымына қарар емес.
Ыстамбұлдың экс-басшысы Экрем Имамоглу 19 наурызда қамауға алынған болатын. Оған жемқорлық ісі бойынша айып тағылған. Содан бері Түркияда наразылық шаралары өтіп жатыр. Кей жерде шерулер полициямен қақтығысқа ұласқан. Бүгінге дейін 2 мың адам қамауға алынды.